История школы

Шал ақын (1748-1819)

Азаншақырып қойған аты Тілеуке екен. Көкшетау өңірінде дүниеге келген әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақсы серігі, өз тұсындағы беделді рубасыларының бірі еді.

1755-1760 жылдар шамасында Құлеке батырдың ауылы бастысқа қарай көшіп, Есіл өзенінің бойына қоныс аударады және сонда біржола тұрақтайды. Ақынның ес білген соңғы ғұмыры осы төңіректе-Солтүстік Қазақстан аумағында өтеді.

Бала Тілеуке он бес жасында-ақ даңқы шығып, Шал (өткір, ұшқыр) ақын атанады да, өнер жолына түседі.

Қартайып, ауру жеңген соңғы күндерінің өзінде өнерінен танбаған. Сүйегі «Аютас» деген төбенің түбінде жерленген.

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенің?

Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі.
Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күші?

Шал ақын атындағы аудан.

Құрылған жылы — 1928 жыл

Орталығы — Сергеевка қаласы.

Аумағы — 4,84 мың шаршы километр.

Тұрғындары — 21849 адам.

Мектептің алғашқы құрылуы — 1926 жыл Мектептің іске қосылуы — 1972 жыл.

Мектептегі мұғалімдер саны — 11

Педагог шебер -0

Педагог зерттеуші - 3

Педагог сарапшы - 1

Педагог модератор - 5

Педадгог - 2

Жалпы оқушы саны — 25

Мектеп бір кезеңде жұмыс істейді:

І кезең О,1,2,3,4,5,6,7,9 — сыныптар